М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ҚМА ДРАМА ТЕАТРЫ ШАҚЫРАДЫ

21:27 22/04/2019

152
Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының Алматы қаласына гастрольдік сапары
Баспасөз хабарламасы 
Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық  музыкалық  драма театрының Алматы қаласына гастрольдік сапары
Гастрольдің өтетін орны: М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Баспасөз конференциясы сағат 17.00. де өтеді. 
 
Театрдың гастрольдік репертуары:
АЛМАТЫ
27.04                             «Ханума»                                                       А.Цагарели
28.04                             «Атың өшсін,...!»                                            Г.Горин
29.04                             «Әлиханның аманаты»                                 Н.Сауданбекұлы
30.04                             «Гамлет»                                                        У.Шекспир
01.05                             «Шыңырау»                                                    Ә.Кекілбаев
 
Басталуы:18:30    Режиссері: Гульсина Миргалиева 
 
Театр тарихынан:  Н.Жантөрин  атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық  драма театры 2003 жылдың  21  наурызында  сахна шымылдығын  Ғ.Мүсіреповтың  « Қыз Жібек» музыкалық  драмасымен  ашты.Маңғыстау театрының шығармашылық тарихы басталған сол күннен бері  театр көрермендеріне  әлем және қазақ әдебиеті қаламгерлерінің сексенге  жуық  сахналық туындыларын ұсынды.Жас театрдың киелі сахнасында  ұлттық  кино  және театр  өнерінің жарық жұлдыздары Н.Жантөриннің,  А. Әшімовтың, шығармашылық болмыстарын, қазақ театр өнерінің жетістіктерін насихаттау,еліміздегі және көршілес мемлекеттердегі әріптестерімен кәсіби байланыстарды нығайту мақсатында  бірнеше  республикалық және Каспий жағалауы елдерінің халықаралық театр фестивалдері  табысты өтті.
     Биылғы жылы  қыркүйек  айында заманымыздың  заңғар жазушысы, кемеңгер қайраткері Ә. Кекілбаевтың 80 жылдығына  орай   ТҮРКСОЙ  ұйымымен бірлесіп және ҚР  Мәдениет министрлігінің қолдауымен  «ӘБІШ ӘЛЕМІ»  атты l  Халықаралық театр фестивалін өткізуге дайындық жүріп жатыр.
Шығармашылық ұжым  өз еліміздегі және халықаралық  деңгейдегі  театр фестивалдеріне белсене қатысып  сахналық шеберліктерін танытып, кәсіби машықтарын ұштау үстінде.Осы жылдар ішінде театр үш Халықаралық  және бір  республикалық театр фестивалінің Гран-При жүлдесін  жеңіп алды. Әлденеше рет атаулы номинациялар бойынша жеңімпаз атанды.
Театр әртістері  отандық  сериалдарға түсіп,  ұлтымыздың көптеген  мемлекет және өнер қайраткерлерінің  ролдерін сәтті сомдап, республика көрермендеріне танымалдыққа ие болды.Олардың қатарында  «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және «Еңлікгүл» кәсіби  сыйлығының иегері  М.Өміралиевты,  «Серпер» жастар сыйлығының иегері Г. Зиятованы, тағы басқаларды атай аламыз.
Театр құрылыс басталған сәттен ұжымды  ҚР еңбек сіңірген  қайраткері, Құрмет орденінің иегері, Қазақстан театрлары Ассоциациясының «Үздік театр менеджері» номинациясының 2018 жылғы жеңімпазы  Нұрнияз Мұханұлы Мұханов  басқарып келеді.
Театрдың көркемдік жетекшісі- бас режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері,тәуелсіз « Тарлан» сыйлығының және театр өнерінің «Еңлікгүл»  кәсіби сыйлығының иегері, көптеген республикалық және халықаралық театр байқауларының лауреаты  Гүлсина Бақытжанқызы Мерғалиева да театр ашылғалы табан аудармастан қажырлы еңбек етіп келеді.
 
Байланыс телефондары:8-702-794-64-96, 8-778-618-87-96